АРАЛДА «АЛТЫН БЕЛГІ» ТАПСЫРУДЫҢ САЛТАНАТТЫ РӘСІМІ ӨТТІ
Арал ауданының орталық алаңында 2015 жылғы оқу жылының үздік түлектеріне «Алтын белгі» тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысып, алтын ұя мектептен түлеп ұшқан өрендерді қуаныштарымен құттықтады.
- Тарихы тереңнен сыр шертетін қасиетті Арал жерінің биік атын асқақтатып, қашан да тәуелсіз елдің тірегі болар өздеріңіз. Арал жастары биік шыңдарды бағындырады деп сенемін! Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Сіздерге сәттілік тілеймін! - деді аудан басшысы өз сөзінде. Сонан соң үздіктер сапындағы түлектерге естелік сыйлықтар табыстады.
Айта кету керек, Арал ауданында биылғы оқу жылында 694 түлектің 413-і ҰБТ-ге қатысқан. Олардың 9-ы «Алтын белгі» иегері атанып, білім сынынан сүрінбей өтсе, 4-уі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Білім додасына түскен шәкірттер арасынан 65 түлек 100-ден жоғары балл жинады. Осыған сәйкес, аудандағы орташа балл – 81,47-ді құрап отыр.