АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Берекелі Рамазан айының алғашқы күні Арал ауданындағы «Көктем» мейрамханасында аудандық «Кәсіпкерлік», «Сәулет және қала құрылысы», «Құрылыс», «Жер қатынастары» бөлімдерінің ұйымдастыруымен ауызы берік жамағатқа дастархан жайылды.
Ауызашар рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов, аудандық орталық мешіттің наиб имамы Нұржан Кеңесханов, мешіт ақсақалдары және жастар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары жамағатты қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ауыз бекіткен ағайынға жылы лебізін жолдады. Орталық мешіттің наиб имамы Н.Кеңесханов ауызы берік жандарға дәм ұсынған аталмыш бөлім ұжымдарына Бас имам және жамағат атынан Алғыс хаттар табыстады. Осылайша ауызашар рәсімі бір ай көлемінде қаладағы дәмханаларда, орталық мешітте жамағат үшін үздіксіз ұйымдастырылатын болады.