АРАЛ АУДАНЫНДА ЖАС КӘСІПКЕР ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысына ұсынылған аралдық жеке кәсіпкер «Шынахметов» - «Пеноблок өндірісін дамыту» инновациялық жобасын жүзеге асыруға 2 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, инновациялық жобаларың жүзеге асуы аясында ауданда жаңадан 3 жұмыс орны ашылмақ. Рақымжан Шынахметов Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалынан келіп грантқа қатысу тәртібі мен талаптары бойынша бірнеше мәрте өз жобасы бойынша кеңестер алған. Қазіргі таңда өндіріс орнын әзірлеу үстінде.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алуға конкурс жариялаған болатын. Гранттық қаражат - бастауыш кәсіпкерлерге инновация бағытында ерекшеленетін және жаңашыл жобаларға қайтарымсыз негізде және кепілсіз беріледі. Өз жобасын конкурсқа ұсынуға талаптанған әрбір кәсіпкер ақысыз негізде өткізілетін «Бизнес-Кеңесші» оқыту жобасынан өтуі тиіс. Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкердің жобаны жүзеге асыруға, оның толық құнының 10 пайыздық өз үлесі болуы шарт.