МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЙЫ ТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету – өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз екенін айта келе, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс екенін нақты айтқан еді. Осы мақсатта Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетуде.
Инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі арбада отыратын жандарға мүгедектің жұмыс орны, оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура және де әлеуметтік салалар объектілері, әділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, темір жол вокзалы, автовокзал, сондай- ақ, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін ме- кемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда. Қазіргі таңда жұмыс жолға қойылды. Атап айтсақ, бізге келіп тіркелген мүмкіндігі шектеулі арбада отыратын мүгедектер саны 20-ға жуық. Олар аталмыш қызметті жоғарыда айтылған бағыттар бойынша күніне бірнеше рет пайдалана алады. Мүгедек жандардың атаған бағыттары бойынша арнайы жол парағы толтырылып, инватакси қызметін пайдаланғаны жайында дәлелдеме ретінде қол қояды. Осы қызмет арқылы жұмыссыз жастарымыз да жұмыспен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, диспетчері және автокөлік жүргізушісі қызмет етеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлығының бір парасы осындай. Олар қай кезде, қай жерге барамын десе, де көлігі дайын.
Мөлдір МАХАНБЕТЖАНОВА, Инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі арбада отыратын жандарға мүгедектің жұмыс орны, оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура және де әлеуметтік салалар объектілері, әділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, темір жол вокзалы, автовокзал, сондай- ақ, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін ме- кемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда. Қазіргі таңда жұмыс жолға қойылды. Атап айтсақ, бізге келіп тіркелген мүмкіндігі шектеулі арбада отыратын мүгедектер саны 20-ға жуық. Олар аталмыш қызметті жоғарыда айтылған бағыттар бойынша күніне бірнеше рет пайдалана алады. Мүгедек жандардың атаған бағыттары бойынша арнайы жол парағы толтырылып, инватакси қызметін пайдаланғаны жайында дәлелдеме ретінде қол қояды. Осы қызмет арқылы жұмыссыз жастарымыз да жұмыспен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, диспетчері және автокөлік жүргізушісі қызмет етеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлығының бір парасы осындай. Олар қай кезде, қай жерге барамын десе, де көлігі дайын.
«Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы