АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Арал аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі және оның қызметінің жүзеге асырылуы» тақырыбында брифинг өткізілді, деп хабарлайды аудан сотының баспасөз қызметі. Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Брифинг барысында судья Д.Кентбаев журналистерге 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген жаңашылдықтың бірі қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыру кіретін тергеу судьясының өкілеттілігі жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ, өз қызметін бастағалы бері, нақтырақ айтқанда үстіміздегі жылдың 5 айында аудандық сотта тергеу судьясымен мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы 17 өтініш, күзетпен ұстауды санкциялау туралы 1 өтініш қаралғанын айтып, тергеу судьясымен мүлікке тыйым салуды санкциялаудан бас тартылған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Е.Жалғасбайдың күдікті К.Елеусизовке ағасы Т.Елеусизовтың кепіл ретінде ұсынған мүлкіне тыйым салуды санкциялау туралы қаралған өтініші бойынша ақпарат беріп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.