АРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Арал қаласы әкімдігінің қолдауымен З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сыңғырласын әрқашан, балалардың күлкісі» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында концерт өтті.
Концертте Мейірімхан Нағашыбаева «Мереке» әнімен, Қарақат Темірхан «Гүлдер-ай» әнімен, Еркін Жанділдаев «Анашым» әнімен, Ақерке Жанаева «Балалық шақ» әнімен өнерлерін ортаға салды. Айжан Әбубәкірова мен Берік Әбубәкіров, Ұлтуған Меңтуғанқызы әсем билерімен баршаны тәнті етті. Балалар шарасызбын деген жоқ, керісінше, сахнаға шығып, шама шарқынша ән айтып, би биледі. Кешке арнайы шақырылған бүлдіршін қонақтар да әннен шашу шашты. Атап айтқанда Бауыржан Сахиев, Аружан Медеубаева, Санжар Уляевтар өнерлерін көрсетті. Балғындардың ән мен биге бөленген думанды кешінде қала әкімі Дәуренбек Мадинов, аудандық мүгедектерді қолдау орталығының директоры Рысқали Маханов сөз алып, балаларды марапаттап, сыйлықтар тарту етті.