ЗЕЙНОЛЛА ШҮКІРОВТЫҢ "ЖАС ЖЕСІР" ПОВЕСІ САХНАЛАНДЫ
Кеше Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театры режиссері Бақытгүл Бахрамованың дайындауымен Зейнолла Шүкіровтың «Жас жесір» повесінің желісіндегі спектакль қойылды.
«Жас жесір» повесі - қаһармандарын ойланып - толғануға мәжбүр ететін, өмірдің барлық тартыс - таласын күрделі күйінде көрсететін туынды. Халық махаббатына бөленген З.Шүкіровтың бұл қойылымында зұлмат жылдарда сүйген жарынан айырылған Анар есімді келіншектің өмірі суреттеледі.
"Бүгінгі қойылымда Анардың бейнесін сомдау үлкен еңбекті, көп күш-жігерді талап етті. Дайындық кезінде келіншектің бірде күліп, бірде жылайтын сәттерінде үлкен қобалжу болған. Сахнадағы қойылым сәтінде Анардың басындағы қиын жағдайды, мінез-құлқын, кейбір қылықтарын сенімділікпен орындадым." - басты рөлдегі актриса Самал Ділжанова.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақ әйелінің өмірі бейнеленген спектакль тартымды және мағыналы өтті. Трагедиялық қойылымды көруге келген көпшілік әртістердің шеберлігіне разы болып тарқасты.