АРАЛДА СПОРТ МАҚТАНЫШТАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
25 мамыр күні Аралға «Сыр барысы» атанып, «Қазақстан барысы» жобасына жолдама жеңіп алған Нұрым Сәлімгереев келді. Бұл – оның үлкен жеңісінен кейін, түрлі оқу-жаттығу жиындары мен «Қазақстан барысы» жобасына дайындық кезеңдерімен өткеннен соң туған жерге алғашқы келуі еді.
Н.Сәлімгереев туған жердегі алғашқы сапарын №19 Жақсықылыш орта мектебіндегі «Соңғы қоңырау» салтанатына қатысуға арнады. Аталмыш мектептегі салтанатты түлектерді құттықтап сөз сөйлеген «Сыр барысы», тоғызқұмалақтан бірнеше дүркін жеңімпаз атанған Ү.Сақташоваға өз атынан Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Таң нұры» демалыс орнына жолдама сыйлады.
Мұнан соң өзінің туған жері Қарақұм ауылында жалғасын тапты. Жерлес батырларын күтіп алуға Қарақұмдықтар молынан жиналып, арнайы жиын өткізді. Жиын барысында сөз сөйлеген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П.Берсүгіров, аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Қыздарбеков, ауыл әкімі Б. Дәулетжанов, балуанның әкесі Сәлімгерей Бижанов, ауыл ақсақалдары, ақжаулықты аналары ізгі тілектерін арнап, ақ баталарын берді. Ауыл көркемөнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Арнайы ас беріліп, соңы мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен жарысқа ұласты. Бір ерекшелігі: Жарыс барысында Нұрым Сәлімгереев атындағы жүлде үшін мектеп оқушылары арасында «Түйе балуан» сайысы өткізілді.