АҚИРЕКТІҢ ҚАРБЫЗЫ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ДЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ
Тамылжыған тамыз айы – Арал ауданындағы Ақирек ауылының тұрғындары үшін көктемгі көл-көсір еңбектің жемісін көретін шақ. Бұл кезде шаруалар жаз бойы баптаған қауын-қарбыздарын жинауға кіріскен.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елді мекенде ұзын саны 30-ға жуық меншікке негізделген жанұялық шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Биыл жеке тұрғындардың үйлерінің жанындағы учаскелерді қоса есептегенде, барлығы 104 гектар жерге егіс егілді.
«Өткен жылы қауын-қарбыздың әр гектарынан 8-10 тн өнім алынған болатын. Биыл да сол межеден кем қылмау мақсатында жұмыстар жасалды. Қазіргі таңда егіс алқабынан қара қауын, мырзашөл қауыны, көк дөнен, шытыр қауыны, лимонка, әңгелек секілді қауын мен қарбыздың астрахань, күздік түрлері жиналуда», - делінген хабарламада.
Бақша өнімдері аудан орталығындағы базар сөрелерінде сатылуда. Ауысқаны шалғай елді мекендерге жөнелтілуде.