ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Арал аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Облыс аумағында еңбек құқықтарының сақталу жайы және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына Арал ауданы бойынша әзірлеу жөніндегі жұмысшы комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов еңбек құқықтарының сақталу жайы және оны жақсарту шаралары жөнінде хабарлама жасады.
– Ауданда дағдарыстың алдын алуға байланысты бағаны тұрақтандыру және мекемелер мен кәсіпорын жұмысшыларын қысқартпау жөнінде жұмысшы топ құрылып, кәсіпкерлер мен мекеме, кәсіпорын басшыларының арасында бағаны тұрақтандыру үшін түсіндірме жұмыстары талқыланды. Нәтижесінде аудандық ауылшаруашылы бөлімі тарапынан 10 кәсіпкермен және аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 83 мекеме, кәсіпорындармен меморандум қабылданды, деді ол.