АРАЛ АУДАНЫНДА «БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ
«Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында кәсібін енді бастағалы отырған және кәсібін бастағанына 1 жыл толмаған азаматтар арасында «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқыту курсы өтті.
Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар, оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған бұл курста кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытылады. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерде тәжірибесі мол білікті тренер дәріс берді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Бизнес-Кеңесші-1» жобасы бойынша оқу семинарларынан өтем деуші азаматтардың қатары күннен-күнге артып келеді. Жалпы, аталған жоба аясында мамыр айында Арал ауданы бойынша барлығы 30 азамат оқудан өтіп, сертификаттары табысталды. «Бизнес-кеңесші» жобасы алдағы айларда да жалғаспақ.