МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛҒЫНДАР "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы партияның «Бақытты балалық» жобасы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Біз бәріменен бірдейміз!» атты аудандық өнер фестивалі болып өтті.
«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жоланов Алдаберген Алдиярұлы сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі балғындарға шын жүректен шыққан жылы демеулік сөздерін білдірді.
«Сендерді біз бақытты балалар деп есептейміз. Болашаққа үлкен үмітпен қарап, өмірге құштар болыңдар. Құштарлық сендерді биікке жетелейді», - деді. «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурыз Сейтқалиұлы балаларға құттықтау сөзін жолдады.
Шараға жалпы саны 30 мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, үш шарт бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әр балғынның өнерлері тамашаланып, жүлделі орындар үлестіріліп, арнайы сыйлақтар табысталды.