АРАЛДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Арал ауданының Орталық алаңында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік шара дәстүр бойынша «Тағзым алаңы» мемориалынан бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен қатар мұнда жүздеген аралдықтар келді. Олар сұрапыл соғыста қаза болған боздақтардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік митингіге жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абзал Мұхимов құттықтады.
Соғыс құрбандарына арналған ескерткіш алдында қан майданда қаза тапқан жауынгерлер мен Жеңістен соң бейбіт өмірде қайтыс болған ардагерлерге құрмет көрсетті.
Соғыс даласындағы майданды кешіп, қаны мен жанын сарп еткен батыр қыз Мәншүк Мәметова атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақтаға осы көшедегі марқұм болған 14 соғыс ардагерінің есімі жазылған. Мұндай ізгілікті іске көше тұрғындары ұйытқы болып отыр.