АРАЛДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Арал ауданында 26 наурыздан бастап қала, кент, ауылдық округ елді мекендері арасында өнер фестивалі шымылдығын түрген болатын. Енді аудандық мәдениет үйінде бір жарым айға созылған өнер фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Бүгінгі фестивальдің жабылу салтанатында халықтың назарына ән мен күйін, әр ұлттың биін, сахналанған тарихи көрінісін ұсынған өнер ұжымдары еңбектері үшін марапатталды. Аудан әкімі Абзал Мұхимов байқаудың жеңімпаздарын құттықтау үшін мәдениет майталмандарының қорытынды кешіне қатысты.
- Бұл фестиваль әрбір өнер ұжымына, әрбір елді мекенге ізденіс, серпіліс әкелгені рас. Сонау қиыр мен қиында орналасқан елдің арасында небір тума таланттардың небір дарынның елге танылмай, маңдайы ашылмай жатқаны белгілі. Фестиваль барысында 24 өнер ұжым мен мыңға тарта жергілікті өнерпазды тарта білді. Мұның өзі жетістік, -деді.
Одан әрі аудан әкімі жеңімпаздарды марапаттады. І орынға Қарақұмның ауылдық округінің өнерпаздары лайық деп танылды. ІІ орынды Қосжар елді мекені еншілеп , ІІІ орынды Қаратереңдік өнер ұжымы иеленді.