АРАЛДЫҚ БИШІЛЕР САЙЫСТА СЫНҒА ТҮСТІ
Арал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйымдастыруымен "Биле-биле" атты жасөспірімдер арасында би байқауы өтті. Нәзік қимыл, әдемі әрекетті, сұлу қозғалысты басшылыққа ұстанған байқауға қатысушылар – мектеп оқушылары, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Олар алдымен қазақтың ұлттық билерін билеп өнер көрсетсе, екінші кезеңде өз таңдаулары бойынша өзге ұлт өкілдерінің, эстрадалық, спорттық және заманауи билерді биледі. Байқау барысында мың бұралған бишілер осы бір ұлы өнердің қасиетін қажетінше ұлықтауға тырысты.
Нәтижесінде кәсіби әділ қазылардың шешімімен бас жүлдені №14 мектептің «Үміт» бишілер тобы жеңіп алды. Ал, І орынға №83 мектептің «Айтұмар» би тобы, ІІ орынға №13 мектептің бишілер тобы, ІІІ орынға №220 мектептің «Стеллер» би тобы ие болды. Байқау жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.