АРАЛДА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Алда өтетін ҰБТ-ға дайындық жайы бүгін аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен қаладағы № 262 мектеп-гимназиясында өткен семинарда пысықталды. Білім мәжілісіне облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев келіп қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Жиынды ашқан аудан әкімі Абзал Мұхимов күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, оның маңызына тоқталды. Алдымен, ҰБТ сынама тестінің дайындық жайын сөз еткен аудан басшысы бітіруші түлектердің орта есеппен білім көрсеткіші 71%-ды көрсеткенін, 2015 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойыншаь 82%-ға көтерілгенін тілге тиек етті. Аймақ басшысы түлектердің көрсеткішінің жоғарылауы олардың Қамбаш балаларды сауықтыру және білім беру орталығындағы тестке дайындығының нәтижесі деп есептейді. Мұнан соң Абзал Сансызбайұлы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлкеттік бағдарламасына түсіндірме жұмысын жүргізді.
- Бірінші кезекте бұл бағдарлама бойынша оқу тегін, екінші кезекте үш мезгіл тамақ береді. Оқу орнын аяқтаған соң, жұмыспен қамтамасыз етеді. Мамандықтар да өте жақсы, қоғамдағы тапшы мамандықтар. Мысалы, сұраныс бар мамандықтарды тәмамдаса, бірден жұмыс табады. Және айлығы өте жоғары. Бағдарлама бойынша білім алғандар қызметке тегін және сол сәтте орналастырылады. Бұл бастама жұмыссыздардың санын азайтуға үлесін қосады, - деді аудан әкімі Абзал Мұхимов. Осы және өзге де өзекті мәселелерді баяндай келе аудан басшысы өз ұсыныстарын да білдірді.
Жиын барысында мектеп бітіруші түлектер аудан әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.