АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің үйіне барып, мерекелік медаль тапсырып қайтты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан басшысы ардагерлерді келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға шексіз алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, ардагерлердің хал-жағдайын біліп, олардың алғысын алу азаматтық міндеті екендігін жеткізді.
«Сіздер жас ұрпақ үшін қайталанбас ерліктің, батырлықтың үлгісі болып қала бересіздер. Ұлы Жеңіс тарихта алтын әріптермен жазылып қала бермек. Қымбатты ардагерлер, ешқашан ауырмаңыздар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлайтын ұлы мереке күнді бәріміз бірге қарсы алайық», - деп сөзін қорытындылады аудан әкімі Абзал Мұхимов.