САЙЫН ДАЛАНЫ ДҮБІРЛЕТЕ АТ ШАПТЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылдық округінің орталығы Тоқабай ауылында салтанатты шара өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен ұлық күнді ұлықтаған жұртшылық осындағы хан майданда от кешкен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып салынған Тағзым алаңына келді. Зор құрметпен бас иіп, гүл шоқтарын қойып, аруақтар рухына құран бағыштады. Мұнан соң ауыл тұсындағы "Төлеген төбе" деп аталатын өңірде мазмұнды бастама жалғасын тапты. Яғни, алыстан көз тартатын ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, маңайы мерекелік көңіл – күйдегі жамағатқа толды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов, аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов осындай сауапты іске ұйытқы болған бастамашы топқа зор ризашылықтарын білдірді.
Келесі кезекте ауыл өнерпаздарының «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты концерттік бағдарламасы жоғары дәрежеде көрініс тауып тыңдармандар қауымы ән-жырмен сусындады. Келушілерге арналған аста әзір болып, үлкен- кіші жайылған дастарханнан дәм татты. Артынша көптің күткен ат бәйгесі басталды. Сайын даланы дүбірлеткен жүйріктердің ұзын саны алпысқа жуықтаған. Иелерінің сенімінен шыққан тұлпарлар Байқоңыр, Қазалы, Сексеуілден арнайы әкелінген. Бұл ат спортына деген қызығушылық артқанын аңғартса керек.
Арғымақтар Аламан бәйге, Тоқ бәйге, Құнан бәйге жарыстарында мәре сызығын бірінші кесіп, бірінен соң бірі иелерін сый - сияпатқа кенелтті.