ӘСКЕР ҚАТАРЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Арал аудан орталығындағы Мемлекеттік рәміздер монументінің алдында әскерге шақырылушыларды ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шараны әскерге шақырылушылардың туыстары мен достары, мектеп оқушылары, соғыс және еңбек ардагерлері де тамашалады. Аудан әкімі Абзал Мұхимов жас сарбаздарға тілегін білдіріп, сөз сөйледі.
- Ер азамат үшін Отан қорғаудан құнды ешнәрсе жоқ. Қастерлі тудың түбінен аманат арқалаған азаматтар ел сенімін ақтайтынына мен сенемін, - деді аудан әкімі А.Мұхимов.
Жиын барысында аудандық оқушылар үйінің балалары сарбаздарға өлең жолдарымен сәлем жолдап, «Аталар даңқы» әнін орындады. Жақсыбаев Айбек жетекшілік ететін «Қорған» патриоттық үйірмесінің оқушылары 74 маркалы Калашников автоматын аз уақытта жинақтау жаттығуларын көрсетіп, әскери шеберліктерін байқатты. «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мөлдір Маханбетжанова бастаған жастар қауымы әскерге аттанатын сарбаздар мойнына Аралдың топырағы салынған тұмар іліп, жауынгерге қажетті заттарды сый етіп таратты. Бүгінгі әскери салтанатты рәсім қарулы күштердің имиджін көтеріп, Отан қорғаушылар күнінің жақындағанын еске салды.