ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының классикадан әйелдер арасындағы жекелей чемпионатта ІІІ орынды иеленген ҚР спорт шебері Үміт Сақташованы қабылдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
14 облыстың спортшыларының арасынан суырылып шығып, қола медаль иегері атану үлкен жетістік. Бұл жүлдені үлкен ерлікке балаған Қуаныш Қуантқанұлы аудан әкімінің атынан құттықтауын жеткізіп, естелік сыйлықтар табыстады.
Үміт Сақташова – Арал ауданындағы №19 Жақсықылыш орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Оқу озаты,«Алтын белгіге» үміткер. Тоғызқұмалақпен айналысқанына 5 жыл. Ол «Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің №20 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Жаттықтырушысы – Нұрлыбек Рысмағанбетов.
Болашағынан көп үміт күттіретін Үмітті кезекті жеңісімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары жас спортшыға алдағы кезде де жетістіктерге жете беруіне тілектестігін білдірді.