АРАЛДА АРДАГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ұлы Отан соғысы ардагерлер есімдерін мәңгі есте сақтау, көзі тірісінде құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік пен патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов ардагерлерге «1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медальдарын табыс етті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Соғысқа қатысып, майданды көрген жауынгерлер мен тылда еңбек еткен қарттардың қатары күн өткен сайын азайып келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері, ерен істері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болды, - делінген хабарламада. - Ардагерлер кескілескен ұрыс даласындағы жорық жолдарынан естеліктерін айтып берді. Майдангер қариялар елімізде тыныштық, бейбітшілік орнасын деп, ағынан жарылып ақ баталарын берді.