АРАЛДА САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗДІ
ҚР Президенттігінің кезектен тыс сайлауын өткізу қарсаңында Арал ауданында мерекелік жеңілдік ұсынысымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірушілер қаланың қонақтарына және тұрғындарына арзан бағамен азық-түліктерін ұсынды. Елді мекендердегі 35-тен астам кәсіпкерлер өздерінің ет және балық өнімдерін төмен бағада сатылымға әкелген.
Атап айтқанда, балықтың түр-түрі (сазан, карась, жылан балық, ысталған балық), сиыр және қой еті, ұнның барлық сорты, май, сүт өнімдері (айран, сүт, құрт- ірімшік) нарықтық бағадан 10-15%-ға, көкөніс өнімдері (картоп, жуа, сәбіз, капуста) 20-30%-ға арзан сатылуда. Мереке қарсаңында өткізілген жәрмеңкеге аралдықтар алғыстарын айтты.