ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨЛІГІ ЖӨНЕЛТІЛДІ
Арал ауданының кәсіпкерлерінің ұйытқы болуымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарының қол көмекке белсенділігімен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем көлігі жөнелтілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Гуманитарлық көмек ретінде 2 күн ішінде аралдықтар бұзылмайтын азық-түлік өнімдерін, ауыз су, жаңа төсек жабындылары мен бірінші кезекте тұтынатын тұрмыстық бұйымдар жинаған.
«Бұл Қарағандының қайғысы емес, бүкіл елдің қайғысы. Атадан қалған дәстүр бойынша ағайын басына күн туғанда, ел болып көмектесу – біздің басты парызымыз. Қарағанды халқына амандық, дендеріне саулық тілейміз», -деді игі шараның басы-қасында жүрген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов.
Аралдан 1 тн ұн, 1 тн ас тұзы, 400 кг макарон өнімдері, 200 кг күріш, 60 л өсімдік майы, 12 л сүт, 20кг қант, 14 қорап материалдық көмек заттарын тиеген жүк көлігі Қарағандыға жолға шықты.