АРАЛ АУДАНЫНДА МЕКТЕПКЕ ҚАТЫНАУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Арал ауданындағы Жақсықылыш ауылындағы мектепке жүзден астам оқушы шалғайдан қатынайтын. Күзде батпақ, қыста қар кешкен олар жол азабын аз татпады. Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан дүркін-дүркін көтерілген мәселе тек биыл ғана шешімін тауып, мектепке жаңа шағын автобус берілді.
Мұрабек Жолмаханов, Жақсықылыш ауылының тұрғыны:
-Балаларымызды, кішкентай балаларды әсіресе қыстың күндері қар қалың болады, күн салқын болады, сол кезде тасымалдайды. Бұрын қиындық болды. Қашықта тұратын ауылдың шетінде тұратын балаларға келіп-қайтуға.
Аудан әкімдігі барлығы 7 ауылдық мектепке осындай темір тұлпар тарту еткен. «Өнерлі өрендердің де аудан, облыс орталығындағы түрлі байқауларға баруы үшін көлік іздеп сенделмейміз»,-дейді ұстаздар.
Саягүл Мақашева, Мектеп директоры:
-Осы мектептің тұрған жерінен 3,5 км жерде 123 бала оқиды. Оның 60-70 баласы – 1-2 сынып оқушылары. Сол 1-2 сынып оқушылары ертең қыркүйектен бастап осы көлік арқылы тасымалданады.
Сондай-ақ биыл Арал ауданында бірнеше жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мәселен, ғасыр бұрын іргесі қаланған көпес үйі, кейін мектепке ыңғайластырылған ескі ғимаратта білім алған оқушылар енді 300 орындық жаңа оқу ошағында білім алады.
Амангелді Бөлекбаев, Мектеп директоры:
-Бастауыш сыныптың оқушылары 1-4 сыныптағылар балабақшада оқыды. 5-11 сыныптағылар 1905 жылы салынған ескі ғимаратта оқыды. Онда асхана, қолдан жасалған спорт, акт залы жоқ, қосымша мәдени шаралар өткізетін бөлмелері жоқ. Сондай қиындықтар келтірді.
Жаңа оқу жылына ауданның дайындығы қарқынды. Қыркүйекте күрделі жөндеуден өткен 5 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін жаңадан салынған 7 білім ошағы есік ашады.