АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ КӨБЕЙТІЛМЕК
Теңіз тіршілігі қайта жандана бастады. Арал теңізінің арнасы тарылып, суы тұз татыған жылдары балығы да күрт кеміді. Қазірде Қызыл кітапқа енген бекіре, қаяз тұқымдары айдыннан мүлде кездеспейді. Дегенмен, су маржанының бағалы түрлерін сақтап қалу бағытында Сыр өңіріндегі «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК бірнеше жобаны қолға алды.
Тамыры теңізге байланған Қосжар және Тастақ ауылдарында 34 су тоғаны бар. Осында жыл сайын миллиондаған шабаққа жан бітеді. Дәлірек айтсақ, ақ амур және дөңмаңдай секілді су маржандарының уылдырығы арнайы құрылғылардың көмегімен жиналып, дернәсілге айналған соң, жыл бойы судағы тіршілікке бейімделеді. Мамандар осындай әдіспен Қызыл кітапқа енген балық түрін көбейтуді қолға алды. Бұл туралы ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қамыстыбас» балық өсіру питомнигінің директоры Нұрқабыл Құланов: «Арал қаязы деген балықты өсіру бағдарламасы бар. Соны келесі 2015 жылдан бастап қолға аламыз. Ол да Үкімет тарапынан, Балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен орындалуда», - деді.
Сондай-ақ балық питомнигінде 70-ке жуық бекіренің тоғандарда көбею жағдайы бақылауға алынып, зерттелген. Алайда нәтижесі ғалымдардың ойынан шықпай отыр. «Бекіреге негізі кең жер керек. Біздің тоғандық жағдайларда оған ыңғайы келмей тұр. Бекіре 11 жылда ашық теңізде үлкен болып кетеді. Ол уылдырық шашатын деңгейде тұруы керек, қазір ондай емес. Соған қарағанда жағдайы келіңкіремейді», - деді балық өсіруші Шынболат Күлмашов.
Жыл сайын күз мезгілінде тоғандардан 15 миллионнан астам шабақ алынып, теңізге жіберіледі. Биыл да 14 миллион 800 мың бір жаздық, 420 мың 2 жаздық балық айдынға босатылады.
«Қазақпарат»