ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арал ауданында З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешовтың төрағалық етуімен ветеринария саласының мамандарымен бас қосқан жиын өтті.
Алқада мал басын бірдейлендіру, оның базасын порталға салу, шығару және малдың қозғалысын реттеу, «аусыл» індетінің алдын алу шарасы, «Сібір жарасы» індетінің ошақтарының кординаттарын анықтау жұмыстары туралы мәселелер қаралып, талқыланды.
- Сарып ауруы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті ауру болып саналады. 2014 жыл облыс бойынша 1281 (68 бас МІҚ, 1213 бас уақ мал) ауру мал анықталды. Оның ішінде Арал ауданында 8 бас МІҚ, 17 уақ мал. Сарып індетіне шалдыққан уақ малдар санитарлық талаппен сойып, әрі қарай қайта өңдеуді ұйымдастыру тапсырылған,- деді облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Манас Шәкенов өз сөзінде.
Жиында сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов жоспарға сәйкес, ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету, ауру малдарды санитарлық талапқа сай сойып, әрі қарай қайта өңдеуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу мал дәрігерлерінің алдағы уақытта атқарар міндеттері екенін баса айтты.