АРАЛДА ЖАСТАР ФЛЕШМОБ ЖАСАП, ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ КОНЦЕРТ БЕРДІ
Жалынды жастар Арал қаласының орталық алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясына арнап флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Жаса бірлік! Жаса достық» деп ұрандаған алаңға жиналған өскелең өрен қазақ, өзбек, түрік, орыс, грузин билерін орындады. Өмір мен жылулық суреттелген аспан түстес көгілдір матамен ортаға шоғырланып Ассамблея халқының логотипін, шаңырақ бейнесін көрсетті.
Бұл күні сондай-ақ тұрғындар қазақ эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Халық жүрегінен орын алған әсем әндермен бірге тұрғындар қосыла шырқады.. Қазақстанға танымал «Гүлдер» би ансамблі қазақ биімен концерттің шымылдығын ашса, Ескендір мен Біржан Хасанғалиевтер, Жеңіс Сейдоллаұлы әннен шашу шашты. «Кешью» тобы «Туған жер», «Лашын» тобы «Қазақ қызы» әнін шырқап, танымал жас әнші Әли Оқапов «Арманға сен» әнін орындады. Көпшіліктің көзайымы болған Мақпал Исабекова «Сеземін» әнімен көрермендер көңілін көтерді. Сондай-ақ «Жайдарман» КВН командасы әзілді ойындарымен кешті қыздыра түссе, «Volx kz» тобының сері жігіттері «16 қыз» әнін тамылжытты. Кеш соңында Ескендір, Біржан Хасанғалиевтердің «Атамекен» әнін барлық өнер иелері мен көрермендер бірлесе орындады.

Шынар БЕКБАН