КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
«Менің Қазақстаным» пойызының бағдарламасына сәйкес бірнеше нысандарда әр алуан шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі Арал аудандық кәсіпкерлік палатасындағы шаруасын нығайтып, жаңа кәсіп түрін ашамын деушілерге арналған кеңес отырысы.
Жиынға арнайы қатысқан президиум мүшелерінің қатарындағы «Жастар кәсіпкерлерінің қолдау қоры» Қоғамдық қорының төраға орынбасары Әуэз Қарабалаев, «Цеснабанк» АҚ бөлшек несие департаменінің бас маманы Азамат Қасым, «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес департаменінің бас маманы Бернұр Исабеков, «Ауыл шаруашылықты қаржылау қолдау қоры» АҚ-ның аппарат басшысы Марат Көлдеев, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Күмісходжаев, заңгер Бағдат Жомартов кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға оңтайлы жауаптар беріп, өз кеңестерімен бөлісті.
Атап айтар болсақ, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, несие бойынша ішінара кепілдік беру, инновациялық гранттар, инфроқұрылымдарды тарту, жер телімдерін бөлу және жылжымайтын мүліктерін кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру, «Шағын және моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша, қаржылай емес қолдау көрсету аясындағы яғни біліктілікті арттыру мақсатындағы оқу курстары бойынша,«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» бағдарламасы бойынша және құқықтық мәселелер аясында сұрақтар қамтылды. «Халық бизнес старт» жобасы бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу механизімі жөнінде ақпараттар берілді.