ПОЙЫЗ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ- ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
"Менің Қазақстаным" пойызының мүшелері Арал аудандық тарихи өлкетану және балықшылар мұражайымен танысты. Мұражай директоры Жасекенов Мәди қонақтарға көрме залына орналасқан екі жарым мың жәдігерлерімен таныстырды.
Этнография және археология залынан бастап аралаған делегация мүшелері теңіз ұлтанынан табылған жәндіктердің қаңқаларын, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктерін, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі Жетес бидің шәйнегін, тұтынған сандығы, атақты тігінші Жармағанбеттің «Зингер» тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлер мен «Өмір» бөгетінен табылған Алты Алаштың мыс қазанын көріп, зейін қойып танысып шықты. Әсіресе, Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева мен қазақтың қара домбырасында халық әндерін орындаушы Татьяна Бурмистрова экспонаттар арасындағы аналардың киім-кешектері мен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдарын қызуғушылықпен тамашалады.
Құрметті қонақтар тамашалаған туындылар қатарында өлке тарихы залындағы балық кәсіпшілігіне байланысты балықшылардың ау-құралдары, балықтың түрлері, Арал теңізінің зерттелуіне байланысты материалдар, Арал теңізінің тартылуы, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты, осыған орай «Түркірыбтың» аралдықтарға жіберген станогінің макеті де бар. Бұл ретте, қонақтар тарихи ғимаратты аралай жүріп, Аралдың тұтас тарихына шолу жасағандай күй кешкендіктерін жеткізді. Т.Бурмистрова мұражайдың құрметті кітабына қолтаңбасын қалдырды.