ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘБІЛХАЙЫР ХАН – БАҚТЫБАЙ БАТЫР КӨШЕЛЕРІНЕН БАСТАЛАДЫ
Арал қаласында газ құбырын жүргізу және ішкі кварталдың газ тарату желілерінің құрылысы бүгінде басталып кеткендігі белгілі. Осыған орай, бұл жұмыстарды өз жауапкершілігіне алған «СпецГазМонтаж» ЖШС мердігер компаниясы газ құбырларын жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.
Жұмысшылар көгілдір отын құбырларын «Fusion» компаниясының станина, хомут аппараттары, трактор-экскаватор техникаларының көмегімен жүргізіп жатыр.
Аталмыш компанияның алғашқы жұмысымен танысуға Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов бастаған топ жұмыс қарқынымен танысты. Газдандыру құрылысының жоба бойынша схемасымен танысқан аудан әкімі газдандыру телімінің басшысы Жәдігер Оралыға көгілдір отын құбырлары қалаға кіру бойынан, алдымен Әбілхайыр хан – Бақтыбай батыр орталық көшелеріне жүргізілсін деген тапсырмасын міндеттеді, делінген аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.