ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ
Еліміздегі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шалғай ауылдардағы тұрғындарға өз пайдасын тигізуде.
Арал ауданына қарасты Қаратерең ауылында кәсіпкер Айнагүл Измаханова іс қыламын деушілерге жол ашқан Үкіметке дән риза. Нақтырақ тоқталсақ, аудан орталығынан қажетті құжаттарын заңдастырған ол «Ерке-Ел-2030» ЖШС арқылы қомақты қаржыға қол жеткізді. Сосын, өзі көздеген іспен айналысып, жұртшылық сұранысына ие нан өнімдерін шығаруға кірісті. Қарамағына жұмыссыз жүрген ауылдағы 1 адамды жұмысқа алған Айнагүл:
-Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. Кез-келген жан мақсат тұтқан ісімен шұғылданғысы келгенімен, қаржы қолбайлау болатыны жасырын емес. Ал, ақшаны бірден табу қарапайым адамдар үшін қиынға соғады. Сондықтан да, мен ең тиімдісі шағын несие ұйымдары тарапынан қаржы алу керек деп шештім. Қазір жұмысым жандана түсті»,- дейді.