КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мәжіліс отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мәжіліске Қызылорда облысының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес төрағасы Алмас Тұртаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев, Арал ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов және аудандағы кәсіпкерлер қатысты.
Алғашқы сөз легін алған Алмас Тұртаев кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес бизнес өкілдері мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерін тиімді және жүйелі түрде шешу мақсатында құрылғанын, Кәсіпкерлік палатасының тұрақты жұмыс жасайтын консультативтік-кеңесші органы болып табылатындығын алдымен таныстырып өтті.
Мәжіліс соңы сұрап-жауап кезеңіне алмасып, аудандағы кәсіпкерлердің тындырымды тірліктері талқыланды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов кәсіпкерлерді аталған Кеңес орталықтарымен және жергілікті кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.