АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА «ТӨРЕЛІК» АҚПАРАТТЫҚ ЖүЙЕСІ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Сот жүйесінің оң имиджін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігі ескеріліп, сот жүйесіндегі жаңалықтарды БАҚ өкілдерімен бөлісу мақсатында Арал аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесі жөнінде брифинг өткізілді. Бұл туралы Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Брифингте сот төрағасы Е.Тұрбаев судьялардың VI Съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесіне ақпараттық технологияларды ауқымды түрде енгізу тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот кабинеті» электрондық сервисі іске асырылғанын, «Сот кабинеті» сервисі - электрондық іс-әрекет көмегімен сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге және халық үшін сот жүйесінің барынша қол жетімділігіне жағдай жасауға бағытталғанын айтты.
Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.