АРАЛДА БАНК ҚОЙМАСЫН ТОНАҒАН КАССИРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Елімізде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында, Елбасымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, 2011 жылдың 5 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Осы заңның және тараптардың бітімге келуі негізінде, Арал аудандық сотында «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның филиалында бақылаушы кассирі қызметін атқарып жүріп, өзінің қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған банк қоймасында сақтауда тұрған 705725 теңге ақшаны иеленіп ұрлап алып, жеке бас пайдасына жаратып, ысырап еткен сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы сот талқылауында өзінің кінәсін мойындап және жасаған әрекетіне өкініп, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген материальдық шығынды толық қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші өкілі де өзара медиация тәртібімен татуласқандарын және сол себепті басқа қояр талап-тілегінің жоқ екенін көрсетіп, сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Сот осы қылмыстық істі және іс бойынша барлық мән-жайларды ескеріп, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі қысқарту жөнінде қаулы қабылдады.