АРАЛДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қамыстыбас елді мекенінде «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың жайы туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар, мекеме басшылары мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиынның басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруға қоғамның және бизнес өкілдерінің назарын аударту, жазғы сауықтыру орталықтарының жұмыс барысын болжау, олардың жұмыс ауқымын арттыру болатын.
Бастаманы қоштаған ел ағалары жазғы тынығу лагерінде демалатын аз қамтылған отбасы балаларына жолдама беру жағын өз міндеттеріне алды. Бұл шешім өз кезегінде балалар игілігіне қызмет ететін аталмыш орталықтың ертеңі айшықты екенін аңғартты.
Жиын барысында көтерілген мәселелерді қорытындылаған облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова аталған ұсыныс-пікірлерге облыстағы өкілетті билік тарапынан әр кез қолдау болатынын жеткізіп, келелі істерге мұрындық болып келе жатқан аудан әкімдігіне алғысын білдірді.