АРАЛ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл Қызылорда облысының 70 пайызы көгілдір отынмен қамтылады. Өткен жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталды. Осыған орай облыс елді-мекендеріне газ тарту мүмкіндігі туды.
Облыстық бюджет есебінен көгілдір отынға 23 млрд теңге қаржы бөлінген. Аймақты газбен қамту аясында 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Арал және газ жүргізу жұмыстары 18 ақпанда басталды. «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры арқылы Арал қаласы 100% газбен қамтылатын болады. Кезең-кезеңімен елді мекендерге де газ тарту жұмыстары жүргізіледі.
«Біз Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бүгіннен бастап кеттік. Қазіргі таңда Арал, Жаңақорған аудандарының орталығында құбырларды дәнеркерлеу жұмыстары жүргізіле бастады. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындауға уәде береміз, - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Серікхан Байзақов.