ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жылы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында Арал аудандық "Спорт клубы" МКҚ кәсіпорынының мұз айдынында "Нұр Отан" партиясының жүлдесі үшін "Берік отбасы – есірткіден алыс" атты отбасылық эстафеталық жарыс болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П.Берсүгіров, «Нұр Отан» халықтық партиясы Арал аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Жоланов сайысқа қатысушы жанұя мүшелерін айтулы мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бұл күні жарыс жолына аудан орталығындағы №62, №64, №220, №260 орта мектептері өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде ақтық жарысқа №62 және №260 орта мектептері жолдама алды», - делінген хабарламада.