АРАЛ ҚАЛАСЫ МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛМАҚ
Арал аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Абзал Мұхимовтың өңір тұрғындарымен қорытынды есепті кездесуі өтті, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Халық алдында аудан әкімі 2014 жылы атқарылған жұмыстары және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, биылғы жылы Арал қаласында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, осы жоба аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі шешілетіндігін мәлімдеді. Тіректі елді мекендерді дамыту және аудан орталығындағы көшелердің жолдарын кеңейту жұмыстары, тұрғын үйлер құрылысын жалғастыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру биылғы жылдың басты басымдықтары екендігін де атап өтті.
Халықпен кездесуде қорытынды сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Алібаев кездесуде көтерілген мәселелерге байланысты өз пікірін айтып, шешу жолдарын түсіндірді.
Фариза ОМАРОВА