МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКЕН СЕМИНАР
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылу аясын кеңейту мақсатында семинар өткізілді.
Семинарды сот төрағасы Е.Тұрбаев жүргізіп, «Медиация туралы» заңның тиімді, пайдалы жақтарына тоқталып, медиацияның артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдауымен құнды екенін, медиация үдерісінде жеңілуші мен жеңуші болмайтынын айтып, медиация туралы келісімге сәйкес қысқартылған істердің саны жөнінде айтып өтті.
Бұдан кейін аталмыш тақырып бойынша БҰҰ жанындағы «Халықаралық Құқық қорғау орталығы» ҚБ Медиация Орталығының кәсіби медиаторы К.Ахметова баяндама жасап, медиация бойынша іс қағаздарының рәсімделу тәртібін түсіндіріп өтіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңы қатысушылардың өзара пікір алысуларымен аяқталды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі