АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ АҚБАСТЫ, ҚАРАТЕРЕҢ АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
500-ден астам халық тіршілік ететін Ақбасты елді мекенінің бүгіндегі ахуалы жақсы. Ауыл әкімі Қ.Абдрамановтың айтуынша маңызға ие ауыз су мәселесі жолға қойылған. Арнайы су таситын көлік тұрғындар игілігіне қызмет атқарады. Сонымен бірге шағын автобус көлігі де берілген. Мал басын асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар жасалуда. Кезекті іс-сапарын осы өңірге жалғастырған аудан әкімі Абзал Мұхимов жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бүгінде Қаратерең елді мекенінде балық шаруашылығына байланысты «Қуаныш» ЖШС жұмыс жасауда. Ниет білдірген кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау бар. Салық түсімі де көңіл көншітеді. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Қ. Құлмырзаевтың айтуынша Бөген-Қаратерең бағытындағы жолға жөндеу жұмыстары қажет. Сонымен бірге, балабақша мәселесі мен ауыл маңындағы «Баян» көлінің келешегі де өзекті мәселе ретінде көтерілді. Өзектілігін жоймаған осынау мәселер тиісті деңгейде қолға алынатындығын айтқан аудан басшысы А. Мұхимов, түрлі бағдарламаларға сай жұмыстар жасала беретіндігін жеткізді.