МҰЗ ҮСТІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ САҚТАЛҒАНЫ ЖӨН
Арал ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаев төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жауапты бөлім басшылары мен қызметкерлердің басын қосып, жиналыс өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Басқосуда қыс мезгілінде балық аулау науқанындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау мәселесі кеңінен талқыланды.
«Жасыратыны жоқ қазіргі таңда екінің бірі балықшылықпен айналысуда. Күнкөріс талабы осыған итермелеуі де мүмкін. Дегенмен қауіпсіздікке аса мән берілгені жөн. Ауа райын болжаушылардың пайымдауынша алдағы уақыттарда да күннің күрт жылынуы мүмкін. Мұндайда мұз үстінде жүріп теңізден нәпақа табамыз деушілерге өте қауіп, - деп балықшылар амандығын қатаң бақылуды тағы да еске салды Мұхтар Оразбаев.
Сондай-ақ, жиын барысында көктемгі су тасқынының алдын алу жаттығулары өтетіндігі де әңгімеге арқау болды. Аталмыш жаттығу төтенше жағдайлар қызметіндегі арнайы құрамға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігін алға тартқан аудан әкімінің орынбасары бұл іске де бәрінің жұмыла атсалысуы қажеттігіне тоқталды.
Фариза ОМАРОВА