АЛҒАШҚЫ БАЛЫҚ ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНЫ БАЛЫҚТЫҢ ӨҢДЕЛГЕН 13 ТҮРІН ШЫҒАРАДЫ
Аралдың бет-бейнесі бүгінгі таңда ерекше өзгеріске түскендей. Балықшыларының аулаған балығын қабылдап, өңдеп, алыс-жақын шетелдерге сатып, балық шаруашылығын жүйеге келтіру мақсатында «Камбала-Балық» балықшылар өндіріс орталығы ЖШС құрылғаннан бастап өз қырқынын бәсеңдеткен емес.
Егемендік алғаннан кейінгі, облысымыз бойынша ең алғашқы балық аулап, оны өңдейтін кәсіпорын болып Арал балықшыларының басын біріктіріп, өңірімізде балық шаруашылығының қайтадан қалыптасуына негіз қалады.
Қазіргі таңда «Камбала-балық» балықшылар өндіріс орталығы ЖШС-гі Кіші Арал теңізінің №2 учаскесінен екі қорықшы, 20 балықшы балық аулайды. Зауытта тұрақты түрде 35 адам балық өңдеу және сұрыптаумен айналысады. Балық аулау науқаны кезінде қосымша 60-70 адамға дейін жұмысқа тартылады. Жұмысшылардың орташа айлығы 45000-50000 теңгені құрайды. Зауыт өңделген балықтың 13 түрін шығарады.