АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ
Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов бастаған топ ел алдындағы есепті кездесуін алдымен аудан орталығына іргелес жатқан Сексеуіл кентінен бастады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында алғашқы болып кент әкімі М.Тұрымбетов сөз алып, өткен жыл көлемінде кент ертеңі үшін атқарылған ауқымды жұмыстарды жан-жақты баян етті.
Облыс бойынша тіректі 2 елді мекен ретінде тізімге енген осынау кенттегі ахуал бүгінде тұрақты. Жезқазған-Бейнеу бағытындағы темір жолға байланысты атқарылған жұмыстар да жетерлік. 12 мыңға жуық халық тіршілік ететін іргелі өңірде алдағы уақытта 9 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жиын барысында аудан әкімі А. Мұхимов сөз сабақтап, аудан төңірегінде жасалған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Бүгінде Елбасы тарапынан қолдау тапқан кәсіпкерлік салаға әрқашан демеу болатынын айтып, алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыстарды жұртшылыққа таныстырды.