БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Толқын» газеті және «Құрылтай» газеті өкілдерінің қатысуымен сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.
Сот төрағасы Тұрбаев Ермек Боранбайұлы 2014 жылдың 12 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2014 жылы аудандық сотта барлығы 2774 іс қаралғанын, оның ішінде 131 қылмыстық іс, 974 азаматтық іс және 1669 әкімшілік істер екенін, ал 2013 жылы барлығы 2378 іс қаралғанын, осы есептік кезеңде қаралған істер саны 396 іске көбейгенін, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 175 бабында көзделген бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыстары, ҚК-нің 257 бабында көзделген бұзақылық қылмыстары, сондай-ақ, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (киік, қарақұйрық) заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау қылмыстары құрайтынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу туралы, қайтыс болу фактісін анықтау туралы, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарттардан туындаған даулар құрайтынын айтып өтті.
Бұдан кейін сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталып, 2014 жылдың 12 айында 56-қылмыстық іс, 66-азаматтық іс, барлығы 122 іс медиация туралы келісімге сәйкес қысқартылғанын айтты.
Сондай-ақ шара барысында сот төрағасы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы және 2015 жылға жоспарланған жұмыс жоспарлары жөнінде ой бөлісті.
Журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.
Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі