«СОТ КАБИНЕТІ» ЭАЖ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Жуырда Арал аудандық сотының қызметкерлерімен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша көшпелі семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова, жетекші маман К.Баймағанбетов және ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.
Шара барысында кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздарды беру тәртібін түсіндірді. Ал жетекші маман К.Баймағанбетов көрнекті түрде электрондық құжаттарды жіберу тәртібі мен жолдарын көрсетті.
Шара соңы сұрақ пен жауапқа және өз ара пікір алысумен аяқталды.
Өткізілген шаралардың нәтижесінде, бүгінгі таңда аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы арқылы аудандық сотқа аталмыш сервис бойынша 1 электронды арыз түсіп, тіркелген.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі