ЖИҺАЗҒА СҰРАНЫС МОЛ
Қолынан келетін кәсіппен айналысып, өздерін-өздері қамтамасыз етіп, берекелі өмір сүріп отырған жандар саны күн санап артуда. Арал қаласының тұрғыны Айдарбек Сәрсенбаев жасынан ұсталық өнерге бейім болды. Ол «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алуға бел буды. Себебі, жиһаз жасап шығару үшін, ең алдымен станоктар қажет. Сәті түсіп, 2013 жылы «Жаңарған 2020» несие серіктестігінен 3 млн. теңге көлемінде несие алып, жиһаз жасау цехын ашуға қол жеткізді. Қомақты қаржыға түрлі станоктар алып, орнатты. Соңғы үлгідегі ою-өрнек салатын станок жұмыстың жандануына сеп болуда.
Сонымен бірге, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өйткені, балабақшалар мен мектептерден, ауруханалардан, өзге де мекемелерден шкафтар мен кеңсе жиһаздарына тапсырыс көп түсуде. Аудан тұрғындарының да, үй тұрмысына арналған соңғы үлгідегі жиһаздарға сұранысы артуда. Қажетті материалдар Ақтөбе қаласынан тасымалданады. Бағасы да қолжетімді. Дайын жиһаздарды тұтынушылардың үйлеріне жеткізіп, тегін орнатып береді. Алдағы уақытта цехтың көлемін одан әрі ұлғайтып, тағы да бірнеше адамды жұмысқа алу жоспарлары бар.

Комментарии 1