САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Кеше Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Наурызбаевтың төрағалығымен семинар өтті, - деп жазады аудандық баслымдардың бірінде.
Оған аудандық-аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері және Қамыстыбас ауылдық округі әкімдігіне сайлануға үміткер кандидаттар, аудандық мәслихат хатшысы К.Данабай мен бірнеше сала мамандары қатысты. Биылғы жылы алғашқы рет ауданда өткізілгелі жатқан аудандық- аумақтық сайлаудағы жаңаша өзгерістер мен түрлі бағыттар семинарда кеңінен талқыланды.
Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Наурызбаев жаңа заңдармен толықтырылған сайлаудың негізгі бағыттарына тоқталып, онда ескерілер қағидаттарды жан-жақты сөз етті. Сондай-ақ, кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы негізінде, атқаруға тиіс жұмыстарын тағы бір мәрте нақтылады. Өз кезегінде, аудандық мәслихаттың хатшысы облыс орталығынан келген мейманға сайлауға қатысушы кандидаттарды таныстырып, аудан әкімдігі атынан алғысын айтты.