АУЫЛ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Арал ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен ауданның өнерпаз жастарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратерең және Бөген ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Кездесу барысында мектеп ұстаздары Елбасы Жолдауына байланысты ойларын ортаға салып, жастар Жолдауға қолдау білдіріп, жүзеге асуына атсалысатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә. Есеналиев өз саласы бойынша ақпарат беріп, ауыл жастарына кеңінен түсіндіріп өтті.
Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, ауыл халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фариза ОМАРОВА