АРАЛ АУДАНЫНДА САЛЫНҒАЛЫ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН КОНДОМИНИМУМ НЫСАНДАРЫ ЖЕТЕРЛІК
Аралда «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 113,7 млн теңгеге 12 тұрғын үй салынды. Жаңа пәтерлер кезегін жылдар бойы күткен тұлдыр жетімдерге, мемлекеттік қызметкерлерге, асыраушысынан айырылған жанұяларға табыс етілді.
Ауданда арендалық тұрғын үйлерді салумен қатар, салынғалы жөндеу көрмеген кондоминимум нысандары да жетерлік. «ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы» аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы Арал қаласындағы көппәтерлі 2 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен 14,0 млн тенге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді, - делінген аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарламасында.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 2015 жылы 8 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оған қажетті 37,4 млн тенгеге жасалынған бюджеттік өтінім, қаржы-экономикалық негіздеме, экономикалық сараптама қорытындылары, мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамалар Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР-ның Өңірлік даму министірлігінің Құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі комитетке тапсырылды.
Фариза ОМАРОВА