ӨТКЕН ЖЫЛЫ АРАЛДА 13 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛДЫ
Арал ауданында өткен жылы жол жөндеу жұмыстарына 397,9 млн теңге қаржы қаралып, жыл аяғына дейін жұмыстары толық аяқталды. Оның ішінде Арал қаласындағы жалпы ұзындығы 11,45 шақырым болатын 13 көше асфальтталды. Оған бюджеттен 200,0 млн теңге бөлінген. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Орталық көшелер кеңейтіліп, аллея мен скверлердің қоршаулары жаңартылды. 4 ойын алаңы пайдалануға беріліп орталық 4 көшеге аялдамалар орнатылған.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында құны 34,4 млн теңгені құраған ауданға қарасты 7 елді мекенде балалар ойын алаңдары салынып, 9 елді мекенде орталық көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Фариза ОМАРОВА